Жақсы жар (ер кісілерге кеңес)
✅ Ер адамның әйелімен қарым қатынасында көптеген міндеттері бар:
1-Әйелімен Пайғамбарымыздай (ﷺ ) мейірімді, жұмсақ болуы тиіс. ❤
2-Үйге кіргенде әйелімен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрауы керек. ❤
3-Оның көңілді екенін көріп, әзілдесіп, шашынан сипап, құшақтауы керек. ❤
4-Ал егер әйелі көңілсіз жүрген болса, себебін сұрап, жақсы көретінін айтуы тиіс. ❤
5-Әйеліне бір істі жасауға уәде берсе міндетті түрде орындауы тиіс. ❤
6-Бала тәрбиесінде көмектесуі керек. ❤
7-Қарны тоқ, жақсы киінуіне мән беруі тиіс. ❤
8-Отбасын асырау садақадан да үлкен сауап, сондықтан тапқанын балалaры мен әйелінен аямауы тиіс. ❤
9-Дастархан басына отырарда отбасы мүшелерінің түгел болуын қадағалау да отағасының міндеті. ❤
10-Әйелі туралы өзгелердің айтқан жаман сөздеріне ермеуі керек. ❤
11-Әйелдер – нәзік жанды. Кейде еркелегенді, жылы сөз естігенді ұнатады. Сондай кездерде шыдамдылық танытып, түсіністікпен қараған дұрыс. ❤
12-Әйелдің еңбегін бағалап, мақтап қоюды ұмытпаңыз. Ол әйелге өзіне деген сенімділік пен күш-жігер береді. ❤
13-Кемшіліктері мен қателіктерін бетіне баспау, өзгелерге жария етпеуі тиіс. ❤
14-Қолыңыз қалт етсе отбасылық серуенге шығып тұрыңыздар. ❤
15-Ер адам әйеліне Құран оқуды, қажет болса намаз оқуды үйретуге міндетті. ❤
16-Жұмыстан келгенде қабағыңызға қар жауып, ашуыңызды әйеліңіз бен балаларыңыздан алмаңыз. ❤
17-Ешқашан оларға қатты сөз айтып, балағаттамаңыз. ❤
18-Отбасыңыз үшін жиі дұға етіңіз. ❤
19-Өзіңіздің отағасы екеніңізді ұмытпаңыз. ❤ Жақсы жар (ер кісілерге кеңес)